{metadescription}
Ұлттық банк төрағасы: Теңгенің құлдырауына түрткі болған...
Ұлттық банк төрағасы: Теңгенің құлдырауына түрткі болған...

Ұлттық банк төрағасы: Теңгенің құлдырауына түрткі болған...

Теңге тағы әлсірей бастады. Қор биржасында доллар бүгін 428 теңге 74 тиын, еуро 506 теңге, ал Ресей рублі 5 теңге 55 тиынға саудаланды. Ал айырбас орындарындағы баға одан да жоғары. Ұлттық банк төрағасы шетел валютасының қымбаттауына сыртқы факторлар мен пандемия әсер етті деп отыр.  

Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы:

- Дамушы елдердің валюталары, оның ішінде теңге, коронавирус жағдайынан қыркүйекте әлсіреді, бұл инвесторлардың қауіпті активтерге қызығушылығының төмендеуіне және доллардың нығаюына әкелді. Қазақстандық теңге дамушы елдер валюталарының жалпы қозғалысының аясында айына 2,8 пайызға, бір долларға, 420,11-ден 431,81 теңгеге дейін әлсірегенін көрсетті.

Ерболат Досаев ұлттық валютаның құлдырауына әлемдік нарықтағы мұнай бағасының 10 пайызға төмендеуі де түрткі болғанын айтады. Пандемияда қара алтынға деген сұраныс та едәуір азайған. Қазір Брент маркалы мұнай бағасының бір баррелі 43 долларға арзандады. Бас банкир Қазақстан ғана емес, әлем елдерінің ақшалары да құлдырап жатқанын айтады. Сондықтан ол алдағы уақытта теңгені нығайтып, валюта нарығындағы ахуалды ушықтырмауға күш саламыз деп сендірді.

Айта кетейік, ақша айырбастау орындарында бір доллар 430 теңгеден сатылып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.