Коронавируспен күреске қосымша тағы 500 миллиард бөлінеді
Covid-19-бен күреске қосымша тағы 500 миллиард теңге бөлінбек. Ақша негізінен экономиканы қолдауға, медицина мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыйақысына, тегін медициналық көмекке жұмсалады. Бүгін үкімет 2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
13.10.2020
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:
- Коронавирус инфекциясымен күрес бойынша жұмыстарға қосымша 238,7 млрд теңге бөлінді. Карантин іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 млрд теңгеге қосымша ақы төлеу, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйақы төлеу, 11,7 млрд теңге көзделген.
Ал тегін медициналық көмек аясында кеселдің таралуына жол бермеуге көрсетілетін ем-дом шарасына қазынадан 83 миллиард екі миллион теңге бөлінеді.
Қаржы министрлігі экономиканы қолдауға 260 миллиард теңгеден аса сома жұмсамақ. Жаңа есеппен мемлекеттік шығын 205 млрд. теңгеге ұлғайса, кіріс 185 млрд теңгеге азаяды екен.
Қауіпті індетпен күреске бөлінген ақшаны қаржы министрлігі ресми түрде мамыр айында айтқан-ды. Шенеуніктер сол кезде 6 триллион теңге бөлінгенін мәлімдеген. Жалпы биылғы бюджетті атқарушы билік осымен екінші рет қарап жатыр. Жөнделген құжатты министрлер кабинеті парламентке бүгін таныстыруы тиіс болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!