{metadescription}
Карантин: Атырау облысында КВИ жұқтырғандар екі есеге артты
Карантин: Атырау облысында КВИ жұқтырғандар екі есеге артты

Карантин: Атырау облысында КВИ жұқтырғандар екі есеге артты

Тағы бір аймақта коронавирусқа байланысты карантин талабы күшейтілді. Бұл жолы Атырау облысында бірқатар шектеулер енгізілген. Өйткені бұл өңірде соңғы аптада Ковид-19-ды жұқтырғандардың саны екі есеге артты. Әзірге екі аптаға енгізілген шектеулер өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін жалғасады. 

Осыған дейін түнгі сағат 24:00 ге дейін жұмыс істеп келген қоғамдық тамақтану орындары мен мейрамханалардың жұмыс уақыты екі сағатқа шегерілді. Жаттығу залдары мен фитнес орталықтардың қызметі толық тоқтатылды. Сонымен қатар мереке және сенбі-жексенбі күндері базарлар мен ірі сауда орталықтары, ойын-сауық кешендері жұмыс істемейді. Аталған нысандарда тек азық-түлік бөлімдері мен дәріханалардың жұмысына рұқсат етілген. Теңіз кенішіндегі блок-бекеттер толық сақталады. Әуе қатынасы мен темір жол арқылы шетелден келетін азаматтардың денсаулығы жіті бақылауға алынады. Жауапты мекемелер тарапынан әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және көшеде де бетперде тағу мәселесі қатаң қадағаланатын болады. Өйткені қатерлі дерт қайта бас көтере бастаған.

Гүлнар Ербатырова, Атырау облысы бас санитар дәрігерінің орынбасары: 

Бүгінде эпидемиологиялық жағдай, соңғы 14 күнді алатын болсақ, осы аптада екі есеге өскені байқалады. Алдыңғы аптада 20 жағдай болса, осы соңғы аптада 40 жағдайға дейін тіркеліп отыр. Сол себептен біздер коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында қаулыда кейбір күшейту енгізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде