{metadescription}
Елордада жаңа Назарбаев орталығының техникалық ашылуы өтті
Елордада жаңа Назарбаев орталығының техникалық ашылуы өтті

Елордада жаңа Назарбаев орталығының техникалық ашылуы өтті

Елордада жаңа Назарбаев орталығының техникалық ашылуы өтті. Үш бөлімнен тұратын алып ғимараттың алдымен Дамыту орталығы жұмысын бастап отыр. Ой-өрісті дамытатын компьютерлік және робототехникалық зертханалар әр түрлі жастағы шәкірттерге арналған.

Әсіресе баланың сабақтан бос уақытты құр өткізбей компьютерлік әуестігін дұрыс бағытта жетілдіру үшін өте қолайлы жағдай жасалған. Назарбаев университеті, АҚШ-тың Индиана университеті мен басқа да шетел университеттерінің түлектеріне дейін келіп, арнайы сабақ өткізеді.

Робототехника, дизайн зертханасы немесе виртуалды шынайы әлем. Жаңадан ашылған Назарбаев орталығы компьютер мүмкіндіктерінің заманауи жетістіктерін паш етіп тұрғандай. Мұндағы әлемдік білім брендіне саналатын Stem зертханалары мектеп оқушыларының ғана емес, ересектерге дейін ой-өрісін дамытатын кешенді орталық.

Әйгерім Сағимұрат, «Назарбаев орталығының» маркетинг менеджері:

- Ғылым, технология, инженерия және математика бағыттарын дамытатын орталық. Бұл жерде робототехника бар. 3D пішіндеу, бағдарламалау, инженерлік математика, дизайн зертханасы және виа зертханасы бар. Яғни, біз бұл Stem зертханаларында болашақ мамандарды дайындамаймыз. Болашақ мамандарға қажет дағдыларды үйретеміз.

Бұл айтып отырғандардың барлығы Назарбаев орталығының үшінші қабатындағы Дамыту орталығында орналасқан. Төрт бірдей компьютерлік зертхана бөлімі мен шахмат бөлмелері бар. Қазірдің өзінде мұнда бүлдіршіндер алғашқы сабағын алып жатыр.

Балалар осы бөлшектерді құрастырып, оларға қозғалтқыш орнату арқылы өздігінен жүріп-тұратын дүние жасап шығарады. Айта кетерлігі, бұл балаларға арналған қосымша пән емес, тек олардың қабілетін, бейімділігін дамытып, жетілдіру.

Зарина Құтпанова, «Назарбаев орталығының» стенд тренері:

- Кішкентай біздің бүлдіршіндеріміз ойын түрінде программалау тілдерін жазады, әрбір іс-әрекет бөлек-бөлек жазылған. Соның барлығын ойын түрінде ұйымдастырып, оны блютуз арқылы, немесе уай-фай, usb-кабельдер арқылы жібереді де модульдік блоктар арқылы, содан кейін осы роботтарға жан береді.

Ал виртуалды шынайылық бөлмесінде ерекше көзілдіріктің көмегімен компьютер ішіне кіріп кеткендей боласыз. Мұндағылар әзірге қарапайым тапсырмалар орындап жүр. Бірақ оны биохимия, биотехнология саласында тереңдете қолдануға да болады.

Жалпы, мұнда жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп оқытады. Әуелгі тәжірибе сабағы тегін. Онан соң айына 9 мың теңге. Ол үшін Назарбаев орталығының сайтына кіріп, жазылса болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде