{metadescription}
Жамбыл облысында үнді жайрасын өлтірген браконьерлер ұсталды
Жамбыл облысында үнді жайрасын өлтірген браконьерлер ұсталды

Жамбыл облысында үнді жайрасын өлтірген браконьерлер ұсталды

Жамбыл облысында үнді жайрасын өлтірген браконьерлер ұсталды. Екі жергілікті тұрғын түз жануарын жайратып, көлікке тиеп алыпты.

Аңшылықтан олжалы қайтқан браконьерлер жарым жолда қолға түсіп қалған. Олар сирек кездесетін жануардың денесін қапқа салып, көліктің артына мұқият жасырыпты. 68 және 59 жастағы екі тұрғын жайраны Меркі ауданындағы су қоймасы маңынан қақпанмен аулаған. Табиғат қаскөйлері бірден кінәсін мойындады.

Жайраның еті ем деп есептеледі. Ал қара нарықта оның біреуінің құны шамамен 500 мың теңге. Енді браконьерлер Қызыл кітапқа енген жануарды өлтіргені үшін 16 млн. теңге айыппұл төлейді, тіпті түрмеге қамалуы да ықтимал.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде