{metadescription}
Ақтауда тойға рұқсат беріп, спортқа тыйым салғанға наразы
Ақтауда тойға рұқсат беріп, спортқа тыйым салғанға наразы

Ақтауда тойға рұқсат беріп, спортқа тыйым салғанға наразы

Ақтауда фитнес орталықтары мен спорт секцияларының қайтадан жабылуы жас спортшылардың ата-аналарының наразылығын тудырды. Маңғыстау облысында кеше карантин күшейтіле бастаған. Оның талаптары бойынша спортқа да шектеу қойылды. Ал ата-аналар осыған ашулы. Олар той жасауға рұқсат беріп, спортпен айналысуға тыйым салу «ақылға қонымсыз» дейді. Сондықтан шенеуніктерден арнайы қаулыны қайта өзгертуді талап етті.

Ақтауда кешеден бері фитнес орталықтары мен барлық спорт секциялары жабылды. Ата-аналар: «Бұл – балалардың болашағына балта шабу» - дейді. Олар ұл-қыздары жаттығудан қағылса, халықаралық нормативтерді тапсыра алмауы мүмкін деп қорқады.

Александр Голованов, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Спорт денсаулық кепілі емес пе? Спорт кешендерінде санитарлық талап қатаң сақталған. Баруға рұқсат берсе болады ғой. Спорт арқылы иммунитетті көтереміз. Адамның тәні сау болғанын қаламайсыздар ма сонда?

Тұрғындар: «Жергілікті биліктің бұл шешімі қисынға келмейді» - дейді. Олардың ойынша, тойхана мен дәмханалардың жұмыс істеуіне рұқсат етіп, спорттық кешендердің есігіне қара құлып салу – ақылға қонымсыз. Сондықтан бұқара аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулыны қайта өгерткені дұрыс деп отыр.

Берген Қалдыбаев, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Біздің түсінбейтініміз, 30 орындық кафеге баруға рұқсат еткенде, неге үлген зәулім ғимартта 30 балаға дайындалуға болмайды. Көркем гимнастикада адам бір-біріне тақалып тұрмайды, міндетті түрде ара қашықтық болады. Және барлық спорт кешендерінде санитарлық талап сақталған.

Ата-аналар наразылығына шенеуніктер жауап беруге мәжбүр болды. Аймақтың бас санитар дәрігері өздерінің тек республикалық комиссияның талабын орындағанын айтады. Онда спорттық кешендер жабылсын деленген. «Оған қарсы шығуға хақымыз жоқ» - деп ақталды шенеунік.  

Ғазиз Надуев, Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері:

- Желілерде мені спортты жақтырмайды деп жатыр, мен спортты қолдаймын да, жақтырамын да. Дұрыс түсінсеңіздер , қай саланы шектеу, қай салаға тыйым салуды комиссия қабылдайды. Облыс әкімінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешімі мен қаулыммен бектіліп шығады. Шешім жан жақты қаралып, сарапталып қаралады.  

Фитнес орталықтары мен спорт секцияларының жұмысы екі аптаға тоқтатылады. Егер аймақтағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталса, жұмысы қайта жандандырылуы мүмкін. Олимпиадалық құрама мен маңызды жарысқа қатысушыларға ғана дайындық жасауға рұқсат етілуі ықтимал. Бірақ оның өзі әзірге белгісіз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде