Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйден өрт шықты
Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үйлердің бірінен шыққан өрт қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады. Құдай сақтап, үйдегі үш бала мен олардың жүкті анасы қызыл жалыннан құтқарылған.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
14.10.2020
Ирина Игнатова, оқиға куәгері:
- Таңертеңгі шәйімді ішейін деп отыра бергенімде, екі рет тарсыл естідім. Бірден балконға беттедім, сол жағымдағы терезеден түтін шығып жатқанын көрдім. Тезірек, киініп, далаға шықтық.
Өрт әп-сәтте көпқабатты үйдің жетінші қабатынан күш алған. Кейін оның түтіні сегізінші, тоғызыншы қабатқа жайылыпты. Өрт сөндірушілер бұл қабатта тұратындардың пәтерлері бүлінбеді деп отыр. Ал тілсіз жаудан құтқарылған жүкті әйел мен оның үш баласы лезде ауруханаға жеткізілген. Денесі күймеген, тек ысқа тұншығып қалыпты. Құтқарылғандардың өміріне және денсаулығына еш қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Әзірге тілсіз жаудың неден шыққаны белгісіз. Өрт сөндірушілер өз нұсқаларын жария етті.
Қуаныш Тоқсарин, Сарыарқа аудандық ТЖБ бастығы:
- Қуаты аз өрт көзі дейді. Себебі сол. Құтқару кезінде биік қабаттағы кісілер өздері шықты.Бірақ осы пәтерде болған өртте біздің бір қызметкеріміз бар, ол жұмыстан тыс уақытта келе жатып көріп қалған. Пәтерге кіріп, сол екіқабат әйелді және үш баласын құтқарып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!