{metadescription}
Атырауда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жарамсыз планшет таратылған
Атырауда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жарамсыз планшет таратылған

Атырауда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жарамсыз планшет таратылған

Атырауда әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға тегін берілген планшеттердің бірсыпырасы жарамсыз болып шықты. Жаңа оқу жылы басталып кеткеніне қарамастан оқушылар әлі күнге онлайн оқуға дұрыс қосыла алмай отыр. 

Тегін берілген екі мыңға жуық планшеттің ішінен 166-сының техникалық ақауы бар. Оған қоса жаңа оқу жылы басталғанға дейін Атырауға жеткізілуі тиіс 1925 дана компьютер 16 мыңға жуық ноутбук әлі әкелінбеген. «Демек осынша баланың онлайн оқуға қолы жетпей жүр деуге негіз бар», - дейді құзырлы орын өкілдері. Ал жарамсыз планшеттердің бір жылға кепілдік мерзімі  бар. Сапасыз өнімге тапсырыс беріп аузы күйген облыстық білім басқармасындағылар енді алғандарын қайтарып, жаңасын ауыстырып алуға талпынып жатыр. Бірақ ол құралдардың Атырауға қашан жеткізілетіні белгісіз.

Айдос Мамыт, Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

Қазан айының ортасынан асып бара жатыр, бірінші тоқсанның бітуіне де жақын. Онлайн форматтағы оқудың қазіргі қиыншылықытарын біле отырып, бұл планшеттер оқушыларға көмек болған. Енді осы екінші сұрақ әлі де ашық тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде