{metadescription}
Сотталған экс-әкім мәжбүрлі қоғамдық жұмыстан босатылды
Сотталған экс-әкім мәжбүрлі қоғамдық жұмыстан босатылды

Сотталған экс-әкім мәжбүрлі қоғамдық жұмыстан босатылды

Павлодар облысының экс-әкімі көше сыпырып, қоқыс шығарудан құтылды. Бес ай бұрын мәжбүрлі қоғамдық жұмысқа тартылған Болат Бақауов енді одан босатылған. Өйткені жазаның бұл түрін сотталушылар ресми жұмыс орны болмаған жағдайда ғана өтейді.

Гүлжан Әбдуғалиева, Павлодар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы:

- Сотталушы Павлодар қаласының пробация қызметінде есепте тұр. Заңға сәйкес, тұрақты жұмысы жоқ сотталушылар ғана мәжбүрлі еңбекке тартылады. Ал бұл азамат жұмысқа орналасқан.

Болат Бақауов мамырда үш жарым жылға шартты түрде сотталған. Судья осы мерзім ішінде оның жыл сайын 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылатынын айтқан. Бірақ бір облысты басқарған Бақауов көше сыпыруды намыс көрді ме, тез арада жұмыс тауып алыпты.

49 жастағы экс-шенеунік қызметін асыра пайдаланғаны үшін істі болды. Ол туысының компаниясындағы мәселені шешіп бермек болған. Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысынан заңды 200 миллион теңге салықты жасырып, оны 3 миллион теңгеге қысқартуды сұрапты. Оның бұл өтініші орындалған. Бұрынғы шенеунік кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісімге келген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.