Карантин: Елордада шектеу шаралары күшейтілді
Елорда карантинге жабылмағанымен, бүгіннен бастап шектеу шаралары қайта күшейді. Бұл коронавирус жұқтыру қаупінің жоғарылауына және науқастар санының артуына байланысты енгізілген. Полицейлер мен санитарлық дәрігерлер санитарлық талаптың сақталуын күнде тексереді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
14.10.2020
Енді мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің кемінде 60 пайызы қашықтан жұмыс істейді. Өйткені инфекция ұжымдар арасында көп тіркелуде. Бас шаһардың әкімдігі жеке мекемелерге жұмысшыларын үйде жұмыс істеуге жіберу керектігін ескертіп жатыр.
Тамақтану орындарында, кем дегенде, 30 қонақ болуы шарт. Кафе, мейрамхана, бар, асханаларға демалыссыз, сағат түнгі 10-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат.
Нотариус, адвокат, консалтингтік, жарнама, жылжымайтын мүлік агенттіктері, туристік операторлар тек демалыссыз, кешкі сағат 6-ға дейін клиенттерін қабылдай алады.
Монша, бассейндері бар сауналарға да белгілі бір уақыт бекіді.
Азық-түлік емес тауарларды сататын бутиктер тек жұмыс күндері ғана 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қоғамдық көліктерге дезинфекция жүргізілетіндіктен, жексенбі тоқтатылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!