{metadescription}
Екінші толқын: Төтенше жағдай режимі қайта енгізіле ме?
Екінші толқын: Төтенше жағдай режимі қайта енгізіле ме?

Екінші толқын: Төтенше жағдай режимі қайта енгізіле ме?

Қазақстанда қараша-желтоқсан айларында вирус дендеуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, дерт ушыққан маусым-шілдеде түзілген антиденелер жыл соңына қарай әлсірейді. Егер сол кезде стационарларда жатқан науқастардың саны елде 35 мыңға жетсе, төтенше жағдай режимі қайта енгізіледі.

Министрлік ПТР-тестілеудің құнын 22 пайызға арзандатамыз деп отыр. Қазір ковидті анықтаудың бағасы жекеменшік және ұлттық орталықтарда 15 мың теңгеден асады. Алексей Цой отандық вакцинаның жайына да тоқталды.

«Вирустың екінші толқыны қашан басталады?» деген сауал соңғы кезде көп қойылып жүр. Денсаулық сақтау министрлігі мұны есептеп қойыпты. Естеріңізде болса, маусым-шілде айларында эпид-ахуал ушығып, мыңдаған адам жаппай ауырды. Олардың барлығында вирус тойтаратын антидене түзілді. Сол ағзаны қорғағыш қабілет жыл соңына қарай әлсірейді екен. Министрлік соған алаңдаулы.  

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Вирустың орта және ауыр түрімен ауырып шыққан азаматтардың антиденесі 4-5 ай көлемінде дерттен сақтай алады. Осыған қарағанда, күздің соңы мен қыстың басында, яғни қараша мен желтоқсанда дертке шалдығу қаупі арта түседі. 

«Дәрілік қорды қамдап қойдық» - деп сендірді министр. Алексей Цойдың айтуынша, жалпы құны 16 миллиард теңгеден асып түсетін 91 түрлі дәрілік зат өңірлерге жеткізілген. Тұрғындарды жаппай ПТР-тестілеуге екпін қойылмақ. Бүгінде тәулігіне 48 мың сараптама жасалса, бұл межені министрлік 60 мыңнан асыруды мақсат етіп отыр. 

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

ПТР-тесттердің әзірлігіне қажетті шикізаттың арзандауына байланысты сынама тарифін 22 пайызға дейін төмендету ұсынылды. Сонымен ковидті анықтау сынамасының бағасы нақты қанша болатыны осы айдың соңына қарай жарияланады. Болжам бойынша, ұлттық тестілеу орталықтарында бір ПТР-тест тапсырудың бағасы 8 900 теңге болады.    

Министр отандық вакцинаның жайына да тоқталды. Егер Қазақстанның ғалымдары дайындаған немесе басқа елде жасалған екпелердің жарамдылығы ғылыми дәлелдесе, жаппай вакцинациялау басталады. Ол тұрғындардың 15 пайызы, яғни 2 миллион 800 мың қазақстандыққа тегін. Ал әзірге қазақстандық вакцина төрт кезеңнен тұратын сынақтың екінші кезеңінде. Жарамды, я жарамсыздығы 2021 жылдың сәуірінде анықталады.

Егер стационарда ем қабылдап жатқандардың саны 35 мыңға жетсе, елде төтенше жағдай режимі енгізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі осылай деп отыр.

Қазіргі дерек: Қазақстанда 2 мыңнан астам науқас стационарда емделуде. Сондықтан қалаларды жабуға еш негіз жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде