Жалдамалы пәтерлерде қыз зорлау қылмысы көбейген – Алматы
Карантиннің тағы бір көлеңкелі тұсы! Түнгі клубтар мен сауық-сайран орындарының жабылуына байланысты Алматыдағы жалдамалы пәтерлерде қылмыс көбейіпті. Барлығы да қыз зорлаумен аяқталған екен.
Автор: Аруна Ортай
15.10.2020
Бір ғана Алматыда жыл басынан бері 25 қыз зорлау фактісі тіркелген. «Бәрі де жалдамалы пәтерде болған», - дейді тәртіп сақшылары. 17 жігіттің кінәсі дәлелденіп, үкімі шығып қойған. Ал қалғаны тергеудің соңын күтіп, уақытша қамау абақтысында жатыр. Абырой болғанда, кәмелетке толмағандар бұл статистикада жоқ. «Зорлады» деп арызданғандар 20-35 жас аралығындағы қыз-келіншектер. Полиция әйелдер жалдамалы пәтерлерге «өз келісімімен» барған дейді. Барлық жағдайда қос тарап та ішімдік қолданған. Тергеу кезінде қыз-келіншектердің көбі тек көңіл көтермек болғанын айтып ақталыпты. Бірақ бір қызығы, пәтер бір түнге қонып шығуға алынған. Жалдамалы пәтерге барып, соңында опық жеген жайттардың жиілеуіне байланысты тәртіп сақшылары қыз-келіншектерді сақ болуға шақырады.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі:
- Бейтаныс немесе жақсы танымайтын азаматпен жалдамалы пәтерге барудың қажеті жоқ. Бұл түсітікті жайт қой, жалдамалы пәтердегі оқиға немен аяқталатыны. Жалдамалы пәтерге көбінесе өз келісімімен барады. Бірақ өз түсіндірмелерінде жәбірленген тараптар оқиғаның «осылай өрбитінін білген жоқпын» деп жазады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!