{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев: Келешекте Абай мектептерін ашу керек
Қасым-Жомарт Тоқаев: Келешекте Абай мектептерін ашу керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Келешекте Абай мектептерін ашу керек

Келешекте Абай мектептерін ашу керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге сапары барысында осылай деді. Мемлекет басшысы  алдымен «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралады.

Биылдан бастап тамыздың 10-ы «Абай күні» деп бекітіліп, мерекелер қатарына қосылды. Ал Абайдың тұлғасын шетел жұртшылығына кең ауқымда таныту жобасы бойынша данышпан ақынның шығармалары ағылшын, испан, араб, түрік, қытай, неміс, италия, француз және жапон тілдеріне аударылып, әлемнің беделді кітапханаларына жіберілді.

Президент қасиетті Семей топырағында абайтанушылармен кездесіп, келелі мәселелерді сөз етті. Оның ішінде гуманитарлық саланы дамытуды қолға алу жөн екенін жеткізді. Әсіресе қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға және сапалы оқулық дайындауға баса мән беру қажеттігін айтып, болашақта жаңадан Абай мектептерін ашуды қолдайтынын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернаттың мүмкіндіктерін толық пайдаланған жөн. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын бұл мектептің оқу үдерісі басқа мектептерге үлгі болады деп ойлаймын. Оны заманауи талапқа сай жан-жақты жетілдіріп, «Абай мектебі» деп аталатын ең үздік білім ордасына айналдыру қажет. Жалпы біз келешекте Абай мектептерін ашу туралы ойлануымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.