{metadescription}
Атырау облысындағы қорықтағы өртке тікұшақтар тартылды    
Атырау облысындағы қорықтағы өртке тікұшақтар тартылды    

Атырау облысындағы қорықтағы өртке тікұшақтар тартылды    

Атырау облысында қорықтағы өрттің беті қайтпай тұр. Жанып жатқан қамыстың асты батпақ болғандықтан, ауыр техникалар өте алмаған. Енді тілсіз жаумен күреске тікұшақтар тартылуда.    

Алтыншы тәулікке ұласқанымен, өрт сөндірушілер тілсіз жауға әлі тосқауыл қоя алған жоқ. Көліктері балшыққа белшесінен батып, тынбай соққан жел отты одан бетер өршіткен. Төтенше жағдай қызметі қанша аумақтағы қамыс-құрақты өрт жалмап үлгергенін де есептеп үлгермепті. Ал сол қамыстың іші толған аң мен құс. Шығын көлемін енді арнайы комиссия анықтайтын болады. Қазір қауіпті аумақтың басында қона-жастана 55 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Тікұшақтағылар әуеден су шашып, жердегілер өртті күрекпен соққылап жанталасуда.       

Омар Бержанов, Атырау облыстық ТЖД бастығы:

- 37 рейс жасап 110  тонна су құйдық. Сол суды теңіздің жағасынан терең жерден алып су құю жұмыстары жоғарыдан жүргізіліп жатыр. Су құйып кеткеннен кейін біздің жеке құрам қолмен сөндіруде. Өйткені теңіздің жағасы батпақты жер, біздің үлкен «КамАЗ», «Орал» автокөліктері жете алмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде