{metadescription}
«7-20-25»: Екінші нарықтағы үйлер де сатыла бастауы мүмкін
«7-20-25»: Екінші нарықтағы үйлер де сатыла бастауы мүмкін

«7-20-25»: Екінші нарықтағы үйлер де сатыла бастауы мүмкін

«7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасымен енді екінші нарықтағы үйлер де сатыла бастауы мүмкін. Сенат депутаттары ол бағдарламаға ескі үйлерді де қосуды сұрап отыр. Өйткені жаңа үйдің бәрін қалталы азаматтар сатып алып қарапайым халыққа үлкен қиындық тудырып жатыр екен.

Сенаторлардың айтуынша, «5-10-20» яғни, «Шаңырақ» бағдарламасымен 1 және 2 топтағы мүгедек азаматтар баспаналы бола алмай жүр. Өйткені соңғы жарты жылдағы зейнетақы қорының үзінді көшірмесі керек. Тұрақты жұмысы болмағандықтан, олар кірісін растай алмай, бағдарламаға қатыса алмайды. «Баспана хит» бойынша да сол. Табысы 170-180 мыңнан кем түсетін азаматтар бұл бағдарламаға үміттене алмайды.

«7-20-25» бағдарламасымен тек жаңа салынған үйлер ғана сатылады. Оны тек құрылыс компаниясынан сатып алу керек. Сенатор Ләззат Сүлейменнің айтуынша, тұрғын үй салынып пайдалануға берілген кезде одан пәтер табу қиын. Себебі, бастапқы тұрғын үй нарығы алыпсатарлар қызметінің объектісі болып кеткен. Олар бір уақытта бірнеше пәтер сатып алып, қарапайым жұртқа қолайлы баспана қалдырмайды. Амалы қалмаған олар алдын ала бронь  шартымен сатып алуға мәжбүр.

Ләззат Сүлеймен, Сенат депутаты:

- Бұл азаматтарды қосымша шығынға алып келеді. Бағдарламада мемлекет тарапынан көзделген бастапқы 20 пайыз жарна 30 пайызға дейін өседі. Осыған байланысты «7-20-25» бағдарламасымен тұрғын үйді екінші нарықтан алуға рұқсат ету тиімді шара болар еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде