{metadescription}
Кәсіпкердің ұлы полицейлер көлігін соғып, екі қызметкер мерт болды – Щучье
Кәсіпкердің ұлы полицейлер көлігін соғып, екі қызметкер мерт болды – Щучье

Кәсіпкердің ұлы полицейлер көлігін соғып, екі қызметкер мерт болды – Щучье

Жол үстінде тағы бір бай баласы шектен шықты. «Lexus» айдаған 25 жастағы жігіт Щучьенің орталығында асқан жылдамдықпен полицейлер мінген қызметтік көлікті соққан. Оқиға орнында екі полиция қызметкері қаза тапты.

Оқиға таңғы сағат алты шамасында көше қиылысында болды. Lexus-тың асқан жылдамдықпен келіп «Ниваны» соққаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жекенің көлігі қызметтік машинамен бірге 50 метрдей жерге дейін сүйретіліп барыпты. Соның салдарынан учаскелік екі инспектор Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидулин көз жұмды. Ал Lexus-ты тізгіндеген 25 жастағы жігіт Щучье тұрғыны, қаладағы белгілі кәсіпкердің ұлы. Бұған дейін бірнеше рет сотталған. Тіпті 2022 жылға дейін жол жүру құқығынан да айрылыпты. Оның көлігінде одан басқа тағы екі жолаушы болыпты. Үшеуі де қазір аудандық ауруханада жатыр. Көз жұмған екі полицейдің артында бала-шағасы қалды.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Lexus-тың жүргізушісі бұған дейін біреудің көлігін айдап кеткені, рұқсатсыз көлік жүргізгені үшін бірнеше рет сотталған. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Көлік тізгіндеген азаматтың екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ауруханадағы күдіктіге күзет қойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде