СҚО-да күшейтілген карантин енгізіледі
Бүгін түннен бастап елдіміздің тағы бір өңірінде күшейтілген карантин енгізіледі. Коронавирус індетін жұқтырып алғандардың күрт көбеюіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысының бас санитары тәртіпті қатайту туралы қаулы шығарды.
Автор: Аруна Ортай
15.10.2020
Меруерт Атамбаева, СҚО Тауар мен қызмет сапасын бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:
- Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына ескертеміз, туған-туыстардың, көршілердің келуіне шектеу қою керек. Отбасылық мереке, мейрам, туған күн кешін өткізуге шектеу қою керек. Адам көп жиналатын орындарға баруға тыйым салынады.
Ертеңнен бастап Қызылжарда қыдырыс азаяды. Көңіл көтеру кешендері мен ірі сауда орталықтары, дәмхана мен мейрамханалар сағат 22:00-де жұмысын тоқтатуы тиіс. Моншада шомылу уақыты да осы шамаға қысқарды. Ал асханаларда бұған дейін 50 адамның отырып тамақтануына рұқсат етілген, енді 30 адамға азайды. Ал сенбі, жексенбі күндері асханаларға кіруге мүлде рұқсат жоқ. Көпшілікке тамақ пісіру орындары тапсырыспен асты жеткізіп беретін болады. Фитнес залдар мен қоғамдық көліктер де демалыс күндері жұмыс істемейді. Ал мемлекеттік мекемелердің тең жартысы онлайн форматқа көшпек. Халыққа қызмет көрсету орталықтары да құжаты онлайн береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!