{metadescription}
«Бала дауысы»: Үздікке дауыс беру басталды
«Бала дауысы»: Үздікке дауыс беру басталды

«Бала дауысы»: Үздікке дауыс беру басталды

Алматыда «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының ақтық мәресі өткізілді. Жеңімпаз деген атаққа төрт мыңнан астам жеткіншектің таласы болды. Бірақ тек жиырмасы ғана суырылып шығып финалға жетті. Гран-приді ұтқаны Диснейлэнд пен «Шабыт» академиясына жолдама алады. Жобаның бас продюсері - Әлия Назарбаева.

Шараның өтуіне Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұрсұлтан Назарбаев қоры мұрындық болды. Ән додасының қалай өткенін тілшіміз тамашалап қайтқан еді.

«Бала дауысының» финалына бабы мен бағы қатар шапқан балалар жетті. Соңғы жарты жыл табанды еңбек етіп, күн сайын дайындықпен тер төкті. Енді бейнеттің зейнетін көріп, үлкен сахнаға шықты.

Финалға жүзден жүйрік шыққан 20 қатысушы жолдама алды. Олар орындайтын әндерді елдің үздік композиторлары арнайы шығарған.

Толғанай Хасенқызы, «Бала дауысы» ұлттық байқауының ұйымдастырушы мүшесі:

- Байқау биыл елімізде ебсінші мәрте, яғни қазіргі таңда бесінші маусымы өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Елбасы қорының қолдауымен, Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырады.

Әр қатысушы жеңіске жетеріне сенімді. Өйткені қанша айлық дайындықтың еш кетпесі анық.

Әбілқайыр Жұмабаев, қатысушы:

- «Бала дауысына» көп дайындалдым. Бірақ осы жаққа келген соң тағы да дайындалдық. Күшті болды. Алдағы арманым – конкурстарға шығып әнші болу.

Әр қатысушының қазылар мен көрермендер көңілінен шығарына күмән жоқ. Ертең Гала-концерт өтеді. Сол кезде кімнің жеңімпаз атанғаны белгілі болады. Ал оған дейін notka.kz сайтында көрермендер өзі үздік деп тапқан балаға дауыс бере алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде