Өлгеннен соң донор болғысы келетіндер 10 есе өскен
Өлгеннен соң ағзасын донорлыққа бергісі келетіндер қатары екі күнде 10 есе өскен. Үш күн бұрын іске қосылған электронды қызметтің қазіргі нәтижесі осындай.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.10.2020
Дүниеден өткеннен соң ағза доноры атануға рұқсат беретін кодекс бойынша осыған дейін барлығы 300 рет өтініштен бас тарту тіркелген екен. Тек 6 жағдайда ғана адам келісім берген. Ал электронды қызмет іске қосылғалы екі-үш күнде 500-дей өтініш түскен. Соның 400-і бас тартса, 60 жағдайда адам келісім берген.
Мұндай келісім беру тәртібі осыған дейін тек емханада жасалатын. Енді ол қызметті әркім үйінде онлайн рәсімдей алады. Тек нақты қандай мүшені беруге келісетініңізді көрсету керек. Ол үшін электронды үкімет порталының «Денсаулық» бөлімінде ыңғайлы функция ұсынылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!