Соңғы тәулікте коронавирус 5 адамның өмірін жалмады
Коронавирус тағы 5 адамның өмірін жалмады. Оның үшеуі – ковид-19-дан, екеуі коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Бұл тек соңғы тәуліктегі статистика. Осылайша елімізде дерт құрбанына айналғандар 1800-ге жуықтады.
Автор: Салтанат Шырынхан
16.10.2020
Соңғы бір тәулік ішінде қауіпті кесел 274 адамнан анықталды. Оның 166-сы коронавирус пневмониясына шалдыққан. Елімізде індеттің ілмегіне іліккендердің жалпы саны 109 202-ге жетті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында бір күнде 10-нан аса адам коронавирус жұқтырса, Қызылорда облысы мен Шымкент қаласында бірде-бір жағдай тіркелмеді. Қуанарлығы, 105 мыңнан аса отандасымыз ковидті жеңіп шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!