{metadescription}
Енді түрмеде отырып фаст-фудқа тапсырыс беруге болады
Енді түрмеде отырып фаст-фудқа тапсырыс беруге болады

Енді түрмеде отырып фаст-фудқа тапсырыс беруге болады

Түрмеде отырып фаст-фудқа тапсырыс беруге болады. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті осындай жаңалық енгізіп жатыр. Сотталғандар электронды дүкендер қызметі арқылы тапсырыс бере алады.

Мұндай мамандандырылған электрондық дүкендер қылмыстық атқару жүйесінде былтыр шілде айында пайда болған. Жазасын өтеушілердің азық-түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті тауарларды сырттан алдыруға мүмкіндігі бар. Онда 400-ден астам тауар атауы ұсынылған. Олардың барлығы тергеу изоляторлары мен түзеу колонияларына сатуға қауіпсіз деп танылған. Әрі тауарлар тізімі үнемі толықтырылып, кеңейтіліп отырады. Олардың қатарында азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, киім-кешек бар. Мейрамханалардан ыстық тағам, дөнер мен бургердің түр-түрі, дәстүрлі және шығыс тағамдары, суши және пиццаға дейін тапсырыс алдырса болады. Ал тапсырысты электронды дүкен арқылы сотталғандардың өзі, не туысы бере алады.

Жанат Ешмағамбетов, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы:

Жоба Алматы қаласы мен Алматы облысында жүзеге асып келеді. Енді Ақмола облысында іске қосып жатырмыз. Болашақта бұл тәжірибені еліміздің барлық колониясында енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің жүйемізді реформалаудың аса маңызды бағыты әрі сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне аса қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.