Сауда үйлері мен кинотеатрлар ашылады
Сенбіден бастап сауда үйлері, ал дүйсенбіден кинотеатрлар ашылады. Үкіметтік комиссия коронавирус жұқтырушылар өсімі болмаған жағдайда әрі эпидемиологиялық ахуал тұрақты өңірлерде бизнес субъектілерін кезең-кезеңмен қайта жандандыру туралы шешім қабылдаған. Бірақ бірқатар талапты сақтауы керек.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.10.2020
26-қазаннан бастап шетелге ұшатын әуе бағыттарының саны қысқарады. Қазақстан аумағына келгендердің барлығы, оның ішінде ел азаматтары да бар, сондай-ақ халықаралық тасымал жасайтын жүргізушілер міндетті ПТР-тестіден өткізіледі. Сырттан келгендерге ПТР-тестін өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі үш күнге дейін белгіленеді.
Бүгіннен бастап елдегі көптеген өңірлік зертханада ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді. Мектепке дейінгі балалар мекемелері, бильярд және компьютер клубтары, ойын-сауық мекемелері мен түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалына салынған тыйым да күшінде қала береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!