{metadescription}
Қазіргі карантиннің көктемгі қатаң карантиннен айырмашылығы
Қазіргі карантиннің көктемгі қатаң карантиннен айырмашылығы

Қазіргі карантиннің көктемгі қатаң карантиннен айырмашылығы

Еліміздің бірқатар өңірінде карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтіліп жатыр. Бірқатар аймақта эпидемиологиялық ахуал нашарлаған. Індет одан әрі дендеп, сырқаттардың саны көбейіп кетпес үшін билік бірқатар тыйымды бекітуге мәжбүр. Ол қандай шектеулер және осы жолғының көктемгі қатаң карантиннен айырмашылығы неде?

Жамбыл облысында бүгіннен бастап бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Тұрғындар енді сол тәртіпке бағынуы тиіс. Әйтпесе қомақты айыппұл арқалуы ықтимал. Бұқараға бұрынғыдай ертелі-кеш еркін жүруге рұқсат жоқ. Сағат кешкі 11-ден таңғы 6-ға дейін еш себепсіз көшеге шығуға болмайды. Және жасы 65–тен асқандар үйінде отыруы тиіс.  

Жабық ғимарат ішіндегі ойын-сауық кешендері толық жабылады. Демалыс күндері де жабық нысандағы азық түлік базарлары мен сауда үйлерінің де жұмыс істеуіне шектеу қойылады. Жиын-той, форумдар мен семинарлар өткізуге де тыйым бар. Тек қоғамдық тамақтану орындары ғана таңғы 6-дан кешкі 10-ға дейін санитарлық талапты сақтай отырып, 50 адамға дейін қабылдай алады. Cұлулық салон, шаштараз, монша мен сауналар алдын ала жызылу бойынша қабылдайды.

Гаухар Макуетова, Жамбыл облыстық тауар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің жетекші маманы:

Шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Біздің 8 ауданда коронавирус науқастары тұрақты тіркеліп тұр. Егер тіркелуі азайса, әлсірету шаралары енгізіледі. Эпидемиолгиялық жағдай одан әрі күрделене беретін болса, онда қатаң карантин енгізіледі.

Павлодар облысында да осындай шектеулер енгізілді. Ерекшелігі: демалыс күндері қоғамдық көліктер қатынасы тоқтайды.

Қарағандыда да карантиндік талап күшейтілген. Облыста жеті аудан мен Приозерск қаласына санитарлық бекет қойылды. Енді осы аумақтарға кірген-шыққан жолаушының денсаулығы мұқият тексеріледі.

Талшын Сайлаубаева, дәрігер:

- Санитарлық бекетте әр көлікті тоқтатып, жолаушыларды және жүргізушілерді дене қызуларын хал жағайларын тексереміз. Егер ауырып тұрғаны болса, кеңесімізді береміз. Бүгін бірінші күн, ауырған адамдар кездескен жоқ.

Алматы мен Қостанай облысы және Нұр-Сұлтанда да карантинтік шектеулер енгізілді. Осымен 11 облыс және 2 қалада сақтық шаралары біртіндеп күшейтіліп жатыр. Ал әр өңірдің індеттен қорғануға қабылдаған шешімдері әрқалай. Егер эпидахуалдың жақсарғаны байқалса, карантин тәртібі де жеңілдей бермек.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде