10 миллионнан астам медициналық бұйым тәркіленді
Бірі тоңып, бірі тойып секіреді. Денсаулық сақтау министрлігі екі айлық қордың әлегімен жүргенде, құны 230 миллион теңгелік дәрілік заттарды пысықтар заңсыз жолмен сатып жібермек болған.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
20.10.2020
Ел бойынша заңсыз айналымнан 10 миллионнан астам бума препарат пен медициналық бұйым тәркіленген. Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін ғана қимылдай бастаған құқық қорғау органдары бірқатар фактілерді әшкереледі. Тек дәріханаларда медикаменттерді қымбат бағаға сатуға қатысты мыңға жуық дерек тіркелген.
Батыс Қазақстан облысындағы дәріханалардың бірінде арбидол дәрісінің бағасы шекті деңгейден екі есе жоғары бекітілген.
Жамбыл облысында дәрі-дәрмектерге жалған қауіпсіздік сертификаты жасалған. Сонымен қатар фармацевтикалық қызметке лицензиясы жоқ құны 44 миллион теңге болатын
Қырғызстаннан әкелінген 82 препарат түрін сатуға тосқауыл қойылды.
Жалпы заңсыз айналымнан құны 230 миллион теңгеден асатын 10 миллион бума дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым тәркіленген. 1183 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!