{metadescription}
Ақтөбеде азаматтық борышын өтеуге міндеттеу түсінбеушілік туғызды
Ақтөбеде азаматтық борышын өтеуге міндеттеу түсінбеушілік туғызды

Ақтөбеде азаматтық борышын өтеуге міндеттеу түсінбеушілік туғызды

Ақтөбеде әскерге барғысы келмейтіндерді іздеп, азаматтық борышын өтеуге міндеттеу жұмысы тұрғындар арасында түсінбеушілік туғызды. Әскери комиссариат қызметкерлері ондай жауапсыз жігіттердің ізіне түсіп, кез келген жерден көлікке отырғызып әкетіп жатыр.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода полиция қызметкері мен әскери киінген адамға ақтөбелік азаматтың айғайлап тұрғаны түсіп қалған. Ал дау әскери комиссариаттың көлігінде отырған жас жігітке қатысты басталыпты.  Әскерге барғысы жоқ азамат әй-шәйға қаратпай әкетіп бара жатқандарға қарсылық көрсетуде.

Ақтөбеліктер көшеден, тіпті базарлардан жастарды әскерге күштеп әкетіп жатыр деп даурығып жатыр. Комиссариаттағылар бұл кезекті әскерге шақыру жұмысы кезінде болған жағдай деп отыр.

Сейіткерім Арапбаев, Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы:

- Бөлім бастығы шақыру қағазын беріп жатқан кезде балағаттаған, сондай жағдай болды. Ол күнделікті атқарылып жатқан жұмыс, ешқандай несі жоқ. Өкінішке орай, бейнетаспаға түсірілген әскери шақыру, оны түсіріп жатқанда менің офицерім, майор Магауин оны біліп отырған. Соның өзінде мынадай жағдайға, ешқандай ешкімді сүйреп тасымаған. Әскери шақыру қағазын береді, болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде