{metadescription}
Көпбалалы әйел кенже ұлын миллионға сатпақ болған – Шымкент
Көпбалалы әйел кенже ұлын миллионға сатпақ болған – Шымкент

Көпбалалы әйел кенже ұлын миллионға сатпақ болған – Шымкент

Шымкентте өзінің туған ұлын сатқан әйел сотталды. 27 жастағы Назгүл Есенова енді 6 жылын темір торда өткізуі тисі. Көпбалалы әйел өзінің екі жасар кенже ұлын миллион теңгеге бағалаған. Өзі мұндай сорақылыққа 4 баласын асырау үшін бардым деп ақталыпты.

Бір жыл бұрын ажырасқан әйел жалдамалы пәтерде 12 мен екі жас арасындағы бес баласымен тұрып келген екен. «Қиындық көрдім» деген ол баласын сату туралы хабарды таныстарына айтып, бұл әңгіме полицейлерге жеткен. Ерлі-зайыпты ретінде барған тәртіп сақшылары Назгүлдің қолына сауда үстінде кісен салды. Енді ол 6 жыл екі айын түрмеде өткізеді. Үкім шығар кезде безбүйрек ана алтыншы баласын көтеріп үлгеріпті. Осы жүктілігімен қоса қылмысын толық мойындағанын және өкінгенін ескерген сот осындай жеңіл жаза кесіп отыр.

Айта кетерлігі, Назгүл Есенова былтыр ғана «алаяқтық» бабымен екі жылға сотталып, шартты түрде жазасын өтеп жүрген екен.  

Дәурен Сайханов, Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

- Есенова бас бостандығынан айрылғаннан кейін 5 баланың тағдырын біз Білім басқармасына бердік. Олардың тағдырын білім басқармасы шешеді, не әкесіне береді, не балаларды Балалар үйіне өткізеді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.