Ресейлік қонақтан 12 адам КВИ жұқтырған – Қарағанды облысы
Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылды. Ресейден келген қонақтан 12 адам короновирус жұқтырып, елдімекенге кіріп-шығуға қатаң шектеу қойылды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
21.10.2020
Бұқар жырау ауданындағы Центральное ауылына кіреберістегі блок-бекеттердің қанша уақыт тұратыны белгісіз. Өйткені мыңнан сәл асатын тұрғыны бар ауылдан 12 адамның кесел жұқтыруы төтенше жағдай саналады. Індет жұққан 12 тұрғынның тоғызы – балалар. Ресейдің Омбы қаласынан келген қонақ пен одан ауру жұқтырғандардың барлығы үй карантиніне жабылған. Олармен қарым-қатынаста болған тағы 80 адам бақылауға алынды. Санитар дәрігерлер кесел анықталған соңғы адам құлан- таза жазылмайынша, блок-бекет алынбайды деп отыр. Ауыл ішіндегі қозғалысқа да шектеу қойылған. Оған еріктілер тобы да құрылыпты.
Самат Мейірманов, Центральное аулының әкімі:
- Ауылымызда еріктілер тобы жұмыс істей бастады. Олар тұрғындардың үйлерінен шыға бермес үшін дүкендерден азық-түлік жеткізіп беріп отырады. Қарт адамдар мен мүгедектерге де көмек беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!