{metadescription}
Карантин күшейтілді – Денсаулық сақтау министрлігінің қам-қарекеті  
Карантин күшейтілді – Денсаулық сақтау министрлігінің қам-қарекеті  

Карантин күшейтілді – Денсаулық сақтау министрлігінің қам-қарекеті  

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Тіпті өткен аптамен салыстырғанда дерттің өсімі 1,2 есеге көбейген. Осыған байланысты 12 өңірде карантин күшейтілді. Бірақ вирус ушыққан маусым, шілдеге қарағанда эпид-ахуал әлі де айтарлықтай тұрақты дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

Бүгін коронавирусқа қатысты бірқатар төлемдердің тоқтатылғаны да айтылды. Нақтысы, жұмыс барысында ковид жұқтырған немесе қауіпті індеттен көз жұмған дәрігерлердің туыстарынан өтемақыға қатысты өтініш енді қабылданбайды. Денсаулық сақтау министрлігінің қам-қарекеті қандай?  

Вирус қайта екпіндей түскен. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, өткен аптаға қарағанда ковид жұқтырғандардың қатары 14 пайызға артып кетіпті. Әсіресе 12 өңірде науқастардың өсімі байқалады. Сондықтан бұл облыстарда карантин біршама күшейтілді.   

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Науқастардың ең көп саны Нұр-Сұлтан – 125, Шығыс Қазақстан – 95, Алматы – 79, Павлодард – 79, СҚО – 74, Қарағандыда – 69, Атырауда – 58 жағдай тіркелді. Бұл жалпы сырқаттанудың 74 пайызын құрады.

Министрлік өкілдері басын қатерге тігіп жүрген дәрігерлерге жайсыз ақпаратпен бөлісті. Енді жұмыс барысында вирус жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион, ал қауіпті індеттен көз жұмған дәрігерлердің туыстарына 10 миллион теңге өтемақы берілмейді.  

Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары:

- Қазан айына дейін тіркелген деректер бойынша, яғни бұл қаулы шықпай тұрып, өтінім жіберген дәрігерлер мен марқұм дәрігерлердің туыстарына ғана төлем жасалады. Ал қазанның 20-нан кейін ешқандай өтінім қабылданбайды. Тек қауіп аймағындағы мамандарға жыл соңына дейін үстемақы ғана төленеді.

Оқу жылы басталысымен 250 оқушыдан ковид-19 вирусы анықталыпты. Соның 105-і – кезекші сыныпта, ал 145-і – қашықтан оқитындар. Бас санитар дәрігердің айтуынша, тұрғындар эпид-ахуалдың тұрақтануынан санитарлық талаптарға селқостық танытып жүр. Дерттің қайта күшеюінің басты себебі де осы.

Санитар мамандар бір ай бойы елде тексеріс жүргізген. 45 мыңнан астам нысан тексеріліп, соның 16 пайызында, яғни 7 мыңнан астамында талаптардың сақталмайтыны анықталған. Ережені елемейтіндер әсіресе Алматы мен ел астанасында көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде