{metadescription}
Қазақстанның сыртқы қарызы депутаттардың жағасын ұстатты
Қазақстанның сыртқы қарызы депутаттардың жағасын ұстатты

Қазақстанның сыртқы қарызы депутаттардың жағасын ұстатты

Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп жатыр. Мемлекеттің өзге елдер алдындағы берешегі бес жылдан кейін 25 триллион 692 миллиард теңгеге жетпек. Депутаттар мұны естіп жағасын ұстады.

Дәния Еспаева, Мәжіліс депутаты:

Үкімет есебіне сүйенсек, мемлекет қарызы осы жылы ЖІӨ-ге шаққанда 29,2 пайыз болады. Бұл бюджет тұжырымдамасында белгіленген шектеуден 27 пайыздан асады. Мемлекеттік қарыз сомасы өседі, сәйкесінше республикалық бюджетке салмақ түседі. Себебі, оны өтеуге қажетті шығындар артады.

Мәжіліс отырысындағы әңгіме бюджеттік саясат тұжырымдамасында көрсетілген шекті деңгей туралы болып отыр. Премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смайыловтың сөзінше, үкімет нақты лимитті белгілеген. Ол 27 пайыз деп бекітіліпті. Сондықтан мемлекеттік қарыздың мөлшері қауіпсіз деңгейде сақталып отыр дейді. Әрі бұл халықаралық ұйымдар бекіткен 50 пайыз лимиттен әлдеқайда төмен екен. Депутаттарды бос даурықпауға шақырған Қаржы министрі де жағдайды күнде сүзгіден өткізіп жүргенін алға тартты. Бір жағынан, министрлер кабинеті мемлекет қарызына қызмет көрсету шығындарын бақылауға бюджет тапшылығын қысқартуды көздеп отыр. Яғни берешек жалпы ішкі өнімге шаққанда үш жылдан соң 2,1 пайызға азайтылмақ. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзге елдердің қарыздарын тізе бергені сол еді, ол Төменгі палата спикеріне ұнамай қалды.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

- Мемлекеттік қарыз айтарлықтай қауіпсіз деңгейде екенін еш күмәнсіз айтқым келеді. Бұған біз күн сайын мониторинг жасап отырамыз. Қазақстанның қарызын экономикасы жағынан жақын басқа елдермен де салыстырар болсақ, мысалы, Түркияда мемлекет қарызы 40 пайыз, Мексикада 55 пайыз, Индонезияда 37 пайыз.

Сіз онымен қоса Африка елдерін де қосыңыз. «Өзінен жаманды көргенде жадырайды» деген мәтел бар, білесіз бе?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.