«Қар барысының басынан өткен хикая» – жастарға ой салады
Балаларға – базарлық. Алматыдағы Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жаңа қойылыммен жаңа маусымдағы жұмысын бастады. Жыл басынан жоспарлаған премьера дәл бүгінгі Қар барысын қорғау күніне орай арнайы сахналанып отыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
23.10.2020
«Қар барысының басынан өткен хикая» атты қойылым жастарға терең ой салады дейді театр ұжымы.
Еслям Нұртазин, режиссер:
- Бүгінде ол өзекті мәселе. Қазақстанда қар барысы тек 130-150-дің көлемінде бар екен. Біздің табиғатымызда, Іле-Алатауымызда болғаннан кейін, оны біз қорғауымыз керек. Қойылым арқылы бүгінгі күннің кішкентай балаларына осындай ойды түю үшін, түсіну үшін. Бүгін осыны көргеннен кейін біледі. Осы ойында қалады. Болашақта бұзақылыққа бармайды деген ниетпен жасалған жұмыс.
Театр ұжымы қаншама уақыттан кейін халықпен қайта қауышқанына қуанышты. Барлық санитарлық талап қатаң сақталған. Алып-ұшып жеткен балалар да жаңа туындыны тамашалауға асық. Өйткені атауы ерекше қойылымның мән-мағынасы да терең. Бүгінгі күнге арнайы орайластырылған «Қар барысының басынан өткен хикая» спектаклінде Қызыл кітапқа енген хайуанаттың қатары сиреп бара жатқанын жеткізуге тырысқан. Халқымыз жоғалып кету қаупі бар жыртқышты киелі аңға санап құрмет тұтқан.
Марина Кадирбердиева, Н. Сац атындағы балалар және жасөспірімдер театрының әртісі:
- Жануарды сомдаған оңай емес. Адамды сахнада жай қимылмен ойнайсың. Жануар болғаннан кейін оның әри қимылын көрсету керек. Қар барысы адам сияқты, тани біледі, сезімтал, дегенмен оны сомдаған қиын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!