300 келіге жуық бекірені заңсыз аулаған – Атырау облысы
Атырау облысының Құрманғазы ауданында 300 келіге жуық бекірені заңсыз аулаған браконьер құрықталды. Тұқымы құрып бара жатқан балықты аулап, табиғатқа орасан залал келтірген азамат үйқамаққа алынды.
Автор: Бекен Әлирахым
23.10.2020
Ұсталған азамат – Құрманғазы ауданының тұрғыны. Каспий теңізінен аулаған балықтарын ауылға әкеле жатқан кезде жағалауда қолға түскен. Оның қайығынан он шақты қапқа тиелген 290 келі бекіре тәркіленді. Бұлтартпас айғақпен ұсталған азаматтың ісін енді құзырлы органдар шешеді. Браконьерлер бұрынғыдай тек айыппұл төлеп қылмыстық жазадан құтылып кете алмайды. Бұл саладағы заңның күшейтілуіне сәйкес, соттың шеміміне қарай енді бұл азамат 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!