{metadescription}
Мешітте садақа жәшігін тонап жүрген күдікті қолға түсті – Түркістан облысы
Мешітте садақа жәшігін тонап жүрген күдікті қолға түсті – Түркістан облысы

Мешітте садақа жәшігін тонап жүрген күдікті қолға түсті – Түркістан облысы

Түркістан облысында мешіт тонап қалтасын қампайтқан азамат ұсталды. Ұрының қолға түсуіне өзінің бейғамдығы себеп болыпты – соңғы қылмысы кезінде бейнекамераға түсіп қалған.

25 жастағы азаматтың қылмыс жасауына төбеде орнатылған камера тосқауыл болмаған. Бейнекамераға тік қараған ол садақа жәшігін бұзып, ішіндегі ақшаны уыстап көк рюкзагына салып жатыр. Осыдан кейін көп ұзамай ол Түлкібас ауданында ұсталды. Оның мешіт тонауды тұрақты кәсіп етіп алғаны белгілі болды. Күдікті Шымкентте – 20, Түркістанда – 7, Ордабасы мен Алматы қаласында үш мешіт тонап, Тараз қаласында 10 рет – Алла үйінде қылмыс жасаған. Қызылорда қаласының тұрғыны – 25 жастағы имансыз жігіт қазір қамауда отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде