Қазақстанда көше шеруін онлайн-петиция алмастыруы мүмкін
Қазақстанда бұқараның көшеге шығып шерулетуінің орнын онлайн-петиция алмастыруы мүмкін. Ақпарат министрлігі елде петиция институтын ресми түрде бекітпек. Елдегі азаматтардан келіп түскен өтініш, ұсыныстар заңды күшіне ие болады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
23.10.2020
Соның арқасында шенеуніктер бірден халықтың қордаланған мәселелеріне құлақ асады деген сенім бар. Ал уәкілетті органдардың онлайн-петицияға назар аударуына қажетті дауыс берушілердің саны нақтыланып бекітіледі. Әлемде бұл көрсеткіш 10 мыңнан 100 мың адамға дейін қарастырылады екен. Шешімін таппаған проблемалар мен ұсыныс-бастамаларын халық арнайы құрылатын платформаларда жазуы тиіс. Бұл жаңашылдықты ақпарат министрлігі әлі де пысықтайды. Түзетулер «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасына ілеспе заң жобасы ретінде енгізіледі.
Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Ақпарат министрлігі петиция тәжірибесін нақты іс-жүзінде қолданатын әлемнің 30-ға жуық елінің іс-тәжірибесін зерттеді. Көптеген елде петиция ұжымдық өтініш білдірудің электронды формасы болып саналады. Осының негізінде петиция ұғымын нақты бекітетін және ұсыну мен қарау тәртібін реттейтін құқықтық база әзірленіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!