ШҚО: Карантин талабын орындамағандар жауапқа тартылады
Шығыс Қазақстан облысында карантин талаптары дұрыс орындалмай жатыр. Оны қадағалау үшін құрылған қоғамдық бақылау топ өкілдері көзбояушылыққа көшкен.
Автор: Ұлан Нұрахмет
23.10.2020
Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:
- Әр әкімге мониторингтік топ өкілдерінің жұмысын қадағалауға тапсырма беремін. Полиция қызметкерлері карантин талаптарын орындамағандарды жазалаудың орнына тек ескертумен шектеледі. Бұл жарамайды. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту үшін оларды әкімшілік жауапқа тартуымыз қажет.
Шектеулердің кейбіреуі алынып, мекемелер ішінара ашылғалы арқаны кеңге салған жұрт көп. Сөйтіп карантин талаптары қадағаланбағандықтан, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады.
Облыста індетке шалдыққандардың саны тоғыз мыңнан асты және бұл көрсеткіш күн сайын өсуде. Себебі, карантин талаптарын бұзушылар көп. Мәселен, сауда орындары мен тамақтану орындары медициналық бетперде мен қолғапты тасада қалдырған. Қыл аяғы мекемелерде санитайзер, антисептик жоқ. Бірақ өңір әкімінің сынына ұшыраған мониторингтік топ өкілдері мұндай салғырттарды жазалап жатырмыз деп ақталды.
Бағлан Тауанова, ШҚО тауар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
- Жүргізілген рейдттің нәтижесі бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодекісінің 425-бабы, бірінші тармағымен 137 айыппұл салынды. Олардың ішінде заңды және жеке тұлғалар да бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!