{metadescription}
ПТР-тест тапсырығысы келмеген ерлі-зайыпты әуежайдан қашып кетті
ПТР-тест тапсырығысы келмеген ерлі-зайыпты әуежайдан қашып кетті

ПТР-тест тапсырығысы келмеген ерлі-зайыпты әуежайдан қашып кетті

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қатысты сынама тапсырғысы келмеген ерлі-зайыптылар әуежайдан қашып кетті. Екеуінің Мысырдан келе жатқан беті екен. Ал қолында ПТР анықтама болмаған. Теңіз жағасында демалып келіп, тесттен қашқандардың бірі – мемлекеттік қызметкер. Дегенмен қашқындар алысқа ұзамады.  

Сәдуақас Байғабылов, Көліктегі мемлекеттік бас санитар дәрігер:

Қолымызда жолаушылардың жеке мәліметі бар. Соның арқасынла қашып кеткендердің кім екенін, олардың қайда тұратынын бірден анықтадық. ПТР-тест тапсыруға екі күндік карантинге орналастырдық. Қашып кеткені үшін әрқайсысына 83 340 теңге айыппұл салынды. Бұл әрекеттеріне не түрткі болғаны әлі түсініксіз. Ерлі-зайыптылардың біреуі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері екені анықталды.  

Индустрия министрлігі әзірге шетелдегі демалыстан соң ПТР-тест тапсырудан жалтарған азаматты өз қызметкері деп мойындаған жоқ. Бірақ ішкі тексерісті бастап кеткен. Егер расымен де сынамадан қашқан азамат мемлекеттік қызметкер болса, «тиісті сыбағасын алады» деп мәлімдеді министрлік.

Қазанның 23-не қараған түні Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау халықаралық әуежайына 11 әуе рейсі қонған. Барлығы 1291 азамат шетел асып келсе, соның 962-де ПТР-тесті бар. Ал қалған 329  жолаушыда бұл анықтама болмай шықты. Жолаушылар Түркия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Грузия және Ресейден келген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.