{metadescription}
Әуезов театры «Қара» қойылымын ұсынды
Әуезов театры «Қара» қойылымын ұсынды

Әуезов театры «Қара» қойылымын ұсынды

Абайдың қара сөзі – ұрпаққа мәңгі мұра. Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Академиялық драма театры ұзақ үзілістен кейін көрерменге екінші премьерасын көрерменге паш етті.

«Қара» деп аталатын драма-диологта хәкімнің қара сөздерінің құндылығы мен қасиеті айтылады. Қойлымды сахналаған 35 актер ұлы ақынның терең ойларын өнерсүйер қауымға жеткізіп, ұлттық рухты оятуға барынша тырысты.

Әкем театр көрермендеріне биылғы маусымда екінші премьерасы «Қара» қойылымын ұсынды. Пандемияда жеті айлық үзілісте болған өнер ордасы санитарлық шараларды ұмыт қалдырмапты. Театрға ағылған жұрттың алдымен дене қызуы өлшеніп, барлығы ішке бетпердемен кіргізілді. Залда да арақашықтық сақталып, көрермен саны шектеулі болды

Жұлдызбек Жұманбай, қоюшы режиссер:

- Абайдың бір қара сөзі бір спектакль деп айтуға болады. Біз бұл жерде біраз қара сөздерін алдық. Басты рөлде ойнайтын актер жоқ. Бәрінің сөзі бар. Айтатын ойы бар. Әрекеті бар. Бәрі – Абай.

Тұңғышбай Жаманқұлов, Бекжан Тұрыс, Дулыға Ақмолда бастаған театр тарландары сахнада Абайдың философиялық ойы мен қара сөздерін айтып, көрерменнің ұлттық рухын оятуды мақсат еткен. 35 актер дана әрі дара ақынның асыл мұрасын дәтке - қуат, дәстүрге ғибрат ету әр азаматтың парызы екенін диалог арқылы жеткізуге тырысты.

Қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік. Қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз.

Тұңғышбай Жаманқұлов, актер:

- Өзінің ұлтын есепсіз сүйген Абай хәкім ұлтының кейбір мән бермей жүрген бұлтарыс-бұлтақтарына айтқан сөздері тәніңді ауыртқанымен, жаныңды жай таптырады. Абайдың жүрегімен, Абайдың көзімен, Абайдың шеріменен шыланып, астасып ойлану үлкен бір биіктікке, үлкен тереңдікке жеткізеді деп ойлаймын. 

Қара сөздерге арқау болған  жалған намыс, қызыл сөз, өсек, өтірік, мақтаншақтық, күншілдік, надандық қасиеттерден қазақ толық арыла алды ма? Хәкімнің заманындағы күрделі саяси-әлеуметтік ахуал, жаңа қоғамның басынан толықтай тәркі етілді ме? Жаңа спектакльдің басты мақсаты – көрерменді терең сауалдар төңірегінде ой түйгізіп, әр азаматтың пайым-парасатын арттыру.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде