{metadescription}
Қазандығы жөнделмеген үйде үш бүлдіршін газға уланды – Ақтөбе
Қазандығы жөнделмеген үйде үш бүлдіршін газға уланды – Ақтөбе

Қазандығы жөнделмеген үйде үш бүлдіршін газға уланды – Ақтөбе

Ақтөбеде үш бүлдіршіннің газға уланғанына тұрғындар шенеуніктерді кінәлап отыр. Өйткені мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған қос үйдің қазандығын әкімдіктегілер дер кезінде жөндемеген. Енді суықтан бүрсеңдеген жұрт жылыну үшін асүйдегі газды қосуға мәжбүр.

Осылайша басымызды қатерге тігіп отырмыз деп ашынады тұрғындар. Ақыры түн жарымында мұнда газ сөніп, содан уланған үш бала ауруханаға түскен.

Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің тұрғындары үш баланың газға уланғанын естіп шошынып қалған. Себебі, жылу келмегендіктен, барлығы қара суық үйлерін ас үйдегі газбен жылытып отыр. Одан басқа амалдың жоқтығын айтады. Ал ұл-қызы уланған ана олардың аман қалғанына шүкіршілік етіп отыр.

Айгүл Жалғасбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Біз газ қосып төрт конфоркасын жаққанбыз ғой. Сол күйде ұйықтап қалғанбыз. Таңертең тұрсақ, балаларымыз құсып, басын көтере алмайды. Жедел жәрдем шақырсақ, уланыпты. Ауруханаға алып етті.

Жылуға жарымаған Батыс-2 ықшамауданындағы көпқабатты қос үйдің қазандығы қалалық әкімдікке қарайды. Мұндағы сегіз сорғының барлығы бірдей істен шыққан. Жақында шенеуніктер демеушілердің көмегімен бір сорғыны әрең алып беріпті. Қазір ол да істемейді.  

Құндыз Ермекбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Әкімдік бізге демеуші есебінде бір сорғыш алып берді. Екі күн жасады. Соның өзінде үйді жылыта алмады. Бізге керегі бір емес, сегіз сорғыш. Біреу жылыта алмайды.

Әкімдіктегілердің ала жаздай не бітіргені белгісіз. Бүрсеңдеген халық шағымданғанда ғана қазандықты жөндеуге тендер жариялапты. Әзірге бұзылған бір сорғыны оңдаудың жолын қарастырып жатырмыз деп ақталады олар. 

Мирас Әжібаев, Ақтөбе қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Қазандық қазір біздің баланста. Сондықтан конкурс жарияладық. Сомасы 17 миллиондай, ішіндегі ауыстыратын жабдықтар. Уақытша сынып қалған жаңағы сорғыны Т»рансэнерго» қарап жатыр. Сорғының ішінде ақауы бар дейді.  

Мемлекеттік бағдарламамен салынған қос үйге қашан жылу берілетінін шенеуніктер нақты айта алмайды. Бір апта ішінде тендер ұтқан компанияны анықтағанымен, жөндеу жұмыстары кем дегенде бір айға созылуы мүмкін. Сондықтан тұрғындардың қыс басталғанша күтуіне тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде