Елордада караоке-бардың терезесінен секіріп қашқандар айыппұл арқалады
Нұр-Сұлтанда карантин талабын бұзып, караоке-барда көңіл көтергендер сау етіп кіріп келген полицейлерден қашып, екінші қабаттан секіріп кеткен. Тәртіп сақшыларының дерегінше, жапа шеккендер жоқ. Қашқындар анықталды. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
26.10.2020
Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Екінші қабаттан секіріп жатқандар карантин талабын елемей караоке-барда сауық көтергендер. Оқиға қазанның 25-і күні түнгі үш жарым шамасында тіркелген. Барлық қашқын анықталды. Караоке-бардың иесіне 639 мың теңгедей айыппұл салынбақ. Ал тәртіп сақшыларынан бой тасаламақ болғандар санитарларға рапорт түссе, 83 340 теңге айыппұл арқалайды. Әзірге полицейлер ондай арыз жолдамапты. Бір анығы, түнгі тыныштықты бұзғандардың барлығына 13 890 теңге айыппұл салынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!