{metadescription}
Красныйярлықтар қар үстіне асфальт төсеген компанияға наразы – Көкшетау 
Красныйярлықтар қар үстіне асфальт төсеген компанияға наразы – Көкшетау 

Красныйярлықтар қар үстіне асфальт төсеген компанияға наразы – Көкшетау 

Көкшетаудың шетіндегі Красный Яр кентінің тұрғындары мердігер компанияның қар үстіне асфальт төсеп жатқанына наразылық білдірді. 25 жылда бір бұйырған жол жөндеудің атүсті жасалғанын тіпті ұялы телефондарына түсіріп ғаламторға жариялаған.

Жапалақтап жауған қармен жағаласып, қараңғы түскеніне қарамастан асфальт төсей бастағандардың бұл әрекетін тұрғындар түсіне алмай әлек. Бірақ олардың наразылығына қараған жан жоқ. Ып-ыстық шикізатты арнайы көлікпен бастырып жатыр. Биыл мемлекеттік бағдарламаға Красный Яр кенті ілігіп, жолының 25 шақырымы жөнделетініне тұрғындар қуанып жүрген. Ширек ғасыр асфальт төселмеген жолды жөндеуге қазынадан 800 миллион теңге қарастырылып, оның 400 миллион теңгесін мердігер «АгроинвестКөкше» компаниясы алып үлгерген – қарашаға дейін аяқталуға тиіс жұмыстың әлі тең жартысы бітпеген. Олардың асығыс жасауы да сондықтан сияқты.

Қайрат Жүсіпбеков, Красный Яр кенті әкімі орынбасарының міндетін атқарушы: 

- Мердігер компания «Агроинвест Көкше» технологияны бұзған. Қардың үстіне асфальт салып. Сапасын тексеретін компаниямен шартымыз бар. Егер олар тексеріп жақсы нәтиже берсе, біз ақшасын төлейміз. Нәтижесі өтпесе, онда жол қайта істеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.