{metadescription}
Алматыдағы бизнес-орталықтар қызыл шығынға батып жатыр
Алматыдағы бизнес-орталықтар қызыл шығынға батып жатыр

Алматыдағы бизнес-орталықтар қызыл шығынға батып жатыр

Коронавирус кәсіпті де тұсады. Алматыдағы бизнес-орталықтардың көбі қып-қызыл шығынға батып жатыр. Кеңсені жалға алушылардың біразы орнын босатып, қашықтан жұмыс істеуге көшкен. Сондықтан бизнес орталықтар жалға берудің бағасын қырық пайызға арзандатқан. Бұл қадам оларды тығырықтан шығара ала ма? Пандемияда пайдадан қағылғандардың жайын айтады.

ІТ маман Абылайхан Наурызбаев карантинде жалға алған кеңсесін босатты. Басында не болар деп басы қатқанмен, енді қашықтан жұмыс істеудің қызығын көріп жүр.

Абылайхан Наурызбаев, ІТ маманы:

- Алдымен қаладағы кептелістен кішкене еркіндік пайда болды. Өйткені таңертен өз еркіңмен асықпай тұрасың да, жұмысқа кірісіп кетесің. Кеңседе болсаң, автобуста тұруың керек, уақыт көп жоғалтасың. Екінші мәселе, мысалы, бізге бастықтар үстінен коммуналдық төлемді өздері төлейтін болды.

Карантинде белең алған үрдіс жалға алушылардың оң жамбасына келгенмен, кеңсені жалға берушілердің шашын ағартып бітетін болды. Себебі, карантинде қысылып, көбі қашықтан жұмыс істеуге көшті. Соның салдарынан бизнес орталықтардің біразы босап қалған.

Алдияр Пернеев, бизнес орталықтың директоры:

- Бос кеңселердің көбеюі, әрине, теріс әсерін береді. Одан бөлек карантинге байланысты біз қосымша шығындалдық. Санитарлық талаптарды сақтаудың өзіне қаншама ақша бөлдік. Осы орайда үкіметтің бізге қолдау көрсеткенін қалаймыз. Жалға алушылардың орнын толтыруға әлі біраз уақыт кетеді. Оған дейін салық жағынан жеңілдік жасаса дұрыс болар еді.

Бір ғана Алматының өзінде 200 ге жуық бизнес орталық барын ескерсек, карантин ірі кәсіпті қан қақсатқанын сөзсіз түсінуге болатындай. Нарықтағы бағаны бағамдаған сарашылар жалға алу құны амалсыз 40 пайызға дейін төмендегенін алға тартады. Ал бизнес орталықтар тығырықтан шығу үшін жаңа тәсілдерге көшуі керек екен.

Бақнұр Зиябеков, экономист:

- Негізгі тұтынушыларға беретін жағдайды өзгерту керек. Мысалы, тек қана ғимарат емес, соның ішінде кау уоркинг болу керек. Адамдар көбейетіндей кофейня, кафелер немесе кітапханасы, отыратын жері болуы керек. Сондай тегін оупен спейстер болады. Менің ойымша, бизнес орталықтар соған қарай жүру керек.

Экономист Бақнұр Зиябеков айтқан ұсыныс батыста бар тәжірибе. Бірақ біздікілер оны таңсық көре ме, әлде қаңсық көрер ме? Қалай болғанмен батқан ұйықтан шығу үшін бизнес орталықтар бір амалын табуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде