13 вагон аударылған: Шымкентте қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте темір жолдағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 13 вагонның аударылуы мен мыңдаған жолаушының жолда қалуына кінәлі деп саналған азамат 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Мамандар темір жолдағы төтенше жағдайдың салдарын түгел жойып, қазір рейстердің қозғалысы толық қалпына келтірілді.
Автор: Бек Әбиев
26.10.2020
Өткен сенбінің түнінде Шымкент теміржол станциясы маңында бос келе жатқан 13 вагон шойын жолдан шығып, аударылып кеткен болатын. Соның салдарынан жеті жолаушылар пойызы мен жүк тасымалдаушы он құрам жолда тұрып қалды. Қалпына келтіру жұмысына 200-ден астам жұмысшы жұмылдырылып, он сағат уақыт кеткен. Апат салдарынан 1400-ге жуық жолаушы жолынан қалған. Абырой болғанда жарақаттанғандар жоқ. Қазір келтірілген шығын есептеліпп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!