Үш қалада кинотеатрдың жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Елдің тек үш қаласында кинотеатрдың жұмыс істеуіне рұқсат етілді. О баста бұл тізімде тек Атырау мен Ақтау болған. Түс қайта Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин көшке мегаполистің де қосылатынын жеткізді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
26.10.2020
Бірақ кинотеатрларға талап қатаң. Зал көрерменге 30 пайызға ғана толуы тиіс. Арнайы алгоритм бойынша желдету құрылғылары болуы шарт. Фильм тамашалауға келгендер шахмат тәртібімен орналасуы керек.
Апта басы киносүйер қауым үшін жағымды жаңалықпен басталды. Басқа қалаларда кинотеатр жұмысының қайта жандануы эпидемиологиялық ахуалға байланысты.
Бекшин ойын-сауық орталықтарының сенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат берілетінін жеткізді. Оның ішінде орналасқан фуд-корттар да қанша айлық үзілістен кейін қызметін қайта бастайды. Басты талап – отыратын орындардың тек 50 пайызы ғана толуына рұқсат.
Жандарбек Бекшин, Алматының бас санитар дәрігері:
- Біз моиторинг жасадық. Үш күнде бұл ахуалды қарап отырдық. Және де мониторингтің арқасында біз келісімге келдік. Осы шешімді шығару үшін бізде ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің нөмірі 58-қаулысы бойынша өз көрсеткіштері бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!