Халықаралық әуе рейстері қысқартылды
Елімізге қатынайтын халықаралық әуе қатынастары қысқарды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, бұрын елімізге аптасына 87 әуе бағыты келіп-кететін болса, қазір ол 77 болып қысқарған.
Автор: Ербол Тұрымбет
26.10.2020
Министрлік берген мәлімет бойынша, енді халықаралық әуе бағыттары 11 елге 20 бағыт ьойынша аптасына 70 рет ұшады. Оның ішінде:
- Түркияға 33
- Біріккен Араб Әмірліктеріне 16
- Беларусь 4
- Германияға 4
- Корея 2
- Нидерланды 2
- Ресей 2
- Өзбекстан 2
- Қырғызстан 2
- Мысырға 2
- Украинаға апасына 2
Өткен айдың соңында Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі карантиндік шектеу шараларын күшейтуді сұраған еді. Оның бір шарасы осы халықаралық әуе қатынастарын қысқарту болатын. Ал елге келетін кез келген азаматтың коронавирустан таза деген ПТР тесті анықтамасы болуы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!