Таразда нан бағасын көтерген – кәсіпкерлер
Таразда қымбаттап кеткен нан бағасы қайта түсті. Белгілі болғаны, наубайхана қожайындары әкімдікпен келіспестен, ас атасының құнын аспандатып жіберген. Енді «өзім білемге» салған кәсіпкерлерге шара қолданылуы мүмкін.
Автор: Руслан Әбдіхалық
26.10.2020
Берік Нығмашев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:
- Нан бағасын қайта қалпына келтіреміз. Антимонополия комитетіндегілер де кірісті. Тиісті салық департаменті барлықтары кірісіп, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жұмыс тобы құрылды. Бұның барлығын зерттеп, жуырда нақты жауабын айтамыз.
Кеше он теңгеге өсіп кеткен әлеуметтік наның бағасы бүгін қайта төмендетіліп, қалпына келтірілді. Енді 85 теңгеден сатылып жатыр. Ал бұған дейін әкімдік пен наубайхана басшылары ас атасының құнын көтермеу туралы келіскен. Алайда Тараздағы ең ірі алты наубайхананың бесеуі соған қарамастан бағаны өзгерткен. Кәсіпкерлер мұны ұнның қымбаттауымен байланыстырады. Айтуларынша, шикізат құны бұрынғыдан 30 пайызға көтерілген. Ал шенеуніктер бағаны тұрақтындыру қорынан үш айы бойы арзан ұн бөліп келдік дейді. Қазір қоймаларда небәрі 20 күнге жететін қор қалыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!