Елімізде ет қымбаттай ма?
Қазақстан Қытайға ет экспортын ұлғайтқан. Ел экономикасындағы мұндай серпінді қоғам әлеуметтік желілерде қызу талқылап жатыр. Наразылық білдірген жұрт жекелеген аймақтарда ет бағасы қымбаттауы мүмкін деген пікірде. Сала министрі ел азаматтарының бұл наразылығына жауап берді. Айтуынша, Қазақстанда ет бәріне жетеді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
26.10.2020
Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Өнімді экспорттау – кешенді міндет, біз экспорттық акселерация бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Өнімді шетелге жібермес бұрын ел ішінде біраз мәселені шешіп алу қажет екені түсінікті. Егер жалпы экспорт жайлы айтар болсақ, кез келген өнім бойынша біз алдымен ішкі қажеттілікті қамтамасыз етіп, кейін басқаларға сатуымыз керек. Экспорт саясаты осылай жүргізіледі. Бізде ет тапшылығы жоқ.
Қытайда біздегі кәсіпорындар былтыр төрт мың тоннадан аса сиыр етін жөнелткен. 2019 жылы экспортталған ет пен ет өнімдерінің көлемі рекордтық 63 мың тоннаны құрапты. Биыл бұл көрсеткішті үштен бірге ұлғайтуды көздеген отандық кәсіпкерлерге коронавирус кесірін тигізген-ді. Алайда экспорттау мәселесі шешіліп, қазірде ет және ет өнімдері кедергісіз Қытайға жөнелтіліп жатыр. Сауда министрі шикілей етті шекара асырғаннан гөрі, оны өңдеп сатқан әлдеқайда тиімді екенін алға тартады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!