{metadescription}
Елімізде азық-түлік бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
Елімізде азық-түлік бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Елімізде азық-түлік бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Елімізде азық-түлік бағасы тағы қымбаттауы мүмкін. Алайда бұған сауда министрлігі аса алаңдап отырған жоқ. Шенеуніктер коронавирустың екінші толқыны кезінде тауар құны өссе, шекті бағаны енгізуді қарастырмақ.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Баға бойынша айтар болсақ, биыл әлемдік саудада өзгеріс болып жатыр. Шекаралардың жабылуы, басқа да карантиндік шектеулердің әсер етіп жатқаны сөзсіз. Егер Қазақстанда азық-түліктің бағасы қатты өсіп кетсе, онда шекті бағаны енгізуіміз мүмкін. Бірақ бұған қажеттілік болмайды деген үміттеміз. Өйткені азық-түлік қорымен жұмыс жүргізілді.

Covid-тің бірінші толқынында министрлер кабинеті азық-түлік бағасы тым шарықтап кеткендіктен министрлік шекті бағаны енгізуге мәжбүр болған еді. Жыл басынан әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны 4,2 пайызға өскен. Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, елде ең қымбаттаған өнім түрі – жұмыртқа. Содан соң: қант, макарон өнімдері, ұн, сиыр еті, шәй, нан, күріш бағасы. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, халық көп тұтынатын 19 азық-түлік түрі бойынша мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен үлкен жұмыс атқарылған. Өңірлерде азық-түлік қоры құрылыпты. Желілерге қажетті қаржы бөлініпті. Минисатр нарықтағы жағдай жіті бақылауда деп сендіріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде