{metadescription}
Сарапшылар пікірі: Еліміздегі баспана бағасы қандай?
Сарапшылар пікірі: Еліміздегі баспана бағасы қандай?

Сарапшылар пікірі: Еліміздегі баспана бағасы қандай?

COVID-19-дың кесірінен елімізде жылжымайтын мүлік нарығы да айтарлықтай тұралап қалған. Су жаңа баспана мен іргесі бұрынырақта қаланған үйлерге де сұраныс төмендеп кеткен. Алайда шаршы метрлердің құны аспандап барады.

Мәселен, өткен тоғыз ай мен былтырғы көрсеткіштерді салыстырғанда жылжымайтын мүліктің құны Қазақстанда 15 пайызға қымбаттаған. Сарапшылардың бірі мұны теңгенің құнсыздануынан көрсе, енді бірі пандемияның ықпалы деп отыр. Қазіргі дерек бойынша, әсіресе Қарағанды мен Шымкентте пәтер шаршы метрінің бағасы 30 пайызға өскен. Еліміздегі жылжымайтын мүлік құнының құбылуын тілшіміз пайымдап көрді.

Шымкентте жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне, тіпті карантин де кедергі емес. «Үшінші мегаполистегі баспана бағасы күрт төмендейді» деген сарапшылардың осыған дейінгі болжамы теріске шығып жатыр. Соңғы үш ай ішінде, тіпті 20 пайызға дейін өскен. Шаршы метрлердің қымбаттауына, әуелі қаланың мегаполиске айналуы себеп болса, екіншіден, доллар құнының өсуі де қатты әсер еткен. Қызығы, көпқабатты үйлер көптеп салынып, пәтер алушылар қатары азайса да, баға көтерілмесе, түскен жоқ.

Нұрлан Досымбеков, Жылжымайтын мүлік саласының сарапшысы:

-Жалпы бағасының түсіп жатқан ештеңесі жоқ, тек көтеріліп жатыр.

-Ары қарай өсе береді деп ойлайсыз ба?

уі мүмкін.

-Қанша пайызға?

- Ол енді қазір емес. Жобасы, сол көктемде ме, сол уақытта көтерілуі мүмкін.

Уақытша қазір көтерілуі көтерілді, бірақ қазір тоқтап тұр

Ақтаудағы жағдай мүлдем басқа. Осыған дейін ғана шаршы метрлерінің құны шарықтап, Қазақстан бойынша пәтерлері ең қымбат үштікке еніп тұрған өңірде баспана құны арзандап жатыр. Сарапшылардың дерегінше, Ақтаудағы бір шаршы метрдің орташа бағасы 178 мыңды құрайды. Тек теңіз жағалауында шоғырланған аудандардағы  үйлердің құны басқаларынан 15 пайызға қымбат. Ал қарқын алған жаңа үйлерге сұраныс аздау. Себебі соңғы уақытта сапасы дұрыс болмай шығып жатыр. Арзандаудың басты себебі –  өңірдің баспана нарығында сұраныс көлеміне қарағанда ұсыныс ұлғайып кеткен. 

Аида Ғаббасова, Жылжымайтын мүлік орталығының директоры:

-Оған қоса, үй бағасының төмендеуіне пандемия да әсер етті. Біздің өңірдің мұнай шаруашылығына негізделгенін барлығы біледі. Ал мына шектеулердің кесірінен көптеген өндіріс ошағы жұмысын тоқтатты. Кіріс құлдырады. Бір сөзбен айтқанда, халықтың баспана сатып алатын жағдайы жоқ. Бұл, әрине, бағаның төмендеуіне негіз болды.

Қымбатшылық жер үйлерді де айналып өтпеді. Әсіресе Қарағандыда мүліктің осы түрі бақандай 24 пайызға қымбаттап, бір шаршы метрінің құны 104 мың теңгеден асады.

Елімізде ең қымбат шаршы метр елордада, жер үйдің бір шаршы метріне 121 429 теңге сұрайды. Ал ең арзан үйді шаршы метріне 71 429 теңге төлеп, Өскеменнен алса болады.

Кеңселерді жалға алу көрсеткіші де былтырға қарағанда 29 пайызға төмендеген. Бірақ мұнда да сұраныстың жоқтығы бағаның өсуіне кедергі бола алмаған. Алматыда кеңселердің бір шаршы метрін жалға алу құны 12 пайызға өсіп, 115 мың теңгеден асқан.

Ал ел астанасындағы кеңселерді жалдау құны шаршы метріне 152 мың теңгеден басталады. Былтырмен салыстырғанда 19 пайызға қымбаттаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде