Пандемия кесірінен бюджет қанша салық кірісінен қағылды?
Пандемия кесірінен бюджет 1 триллион 100 миллиард теңге салық кірісінен қағылған. Оған каратиндік шектеулердің кесірі тиіп, кәсіпкерлердің салықтан босатылуы да кері ықпал еткен. Ішкі-сыртқы тауар айналымның көлемі де айтарлықтай құлдырап кетіпті.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
27.10.2020
Марат Сұлтанғазиев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:
-Үшінші елдермен тауар айналымы жыл басынан бері 13 пайызға төмендеді. Тауар өткізу айналымы 11 пайызға, оның ішінде ірі кәсіпорын бойынша 20 пайызға төмендеді. Экономика секторлары бойынша мұнай және металдар бағасының төмендеуі есебінен тау-кен өндіру өнеркәсібінде түсім 44 пайызға төмендеді.
Кірістер комитетіндегілер былтыр сегіз айдың ішінде бюджетке 2018 жылға қарағанда 1 триллион 200 миллиард теңгеге артық салық түсті деп мәлімдеген еді. Ал биылғы есепте пандемия кесірін тигізіп, өткен тоғыз айда салық түсімі 1 триллион 100 миллиард теңгеге кеміген. Оған карантиндік шектеулерге байланысты бизнес өкілдерінің салықтан босатылуы кері әсерін тигізген. Айтпақшы, мемлекеттік кірістер комитеті үш жылдан кейін асабалар мен әншілердің тойдан тапқан табысынан салық өндіруі ғажап емес. Әзірге бұл сала шағын кәсіпкерлікке жататындықтан, үш жылға салықтан босатылып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!