{metadescription}

Мас жүргізуші жедел жәрдем көлігіне соғылды – Шымкент

Шымкентте көлікті мас күйінде жүргізген азамат науқасты алуға кетіп бара жатқан жедел жәрдем машинасын соққан. Жол апаты салдарынан 4 адам ауруханаға түсті. Әсіресе мас жүргізушінің жағдайы мүшкіл.

Өткіржан Молдаханов, Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Бас-ми жарақаты, миы шайқалған, ісінген. Бет терісінің астында гематома, кеудесінде, ішінде жабық жарақат. Сол жақ екі қабырғасы сынған.

Жол апаты таңғы сағат төрт шамасында болған. Өз жолымен кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне жылдамдықты асырған «Тойота камри»  соқтығысады. Жеңіл көліктің сау-тамтығы қалмаған. Жедел жәрдем де күрделі жөндеуді қажет етеді. Қайта оның ішінде науқас болмаған. Десе де,  61 жастағы жүргізушісі мен екі фельдшерді әріптестері ауруханаға жеткізді. Үшеуіне де «миы шайқалған» деген диагноз қойылды. Аталмыш оқыс оқиға бойынша сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.