Ерлі-зайыпты қарияны көлік қағып, біреуі тіл тартпай кетті
Павлодарда ерлі-зайыпты қарияларды көлік қағып кетті. 66 жастағы әжей сол жерде жан тапсырған. Ал оның жұбайы ауруханаға түсті.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
28.10.2020
Оқиға қала орталығында болды. Егде жастағы ерлі-зайыпты жаяулар жолағынан өтіп бара жатқан. Осы сәтте жүйткіген «Тойота» екеуін қағып өтеді. Жеңіл көліктің тізгінінде 51 жастағы жүргізуші отырған. Куәгерлердің бірі жеңіл көлік «қарияларды көре тұра, жылдамдығын азайтпады десе», енді бірі екеуі «қараңғы жерден атып шығып, жүргізуші оларды байқамай қалды» дейді. Дәрігерлердің айтуынша, 69 жастағы қарияның да миы шайқалып, бірнеше жері жарақаттанған. Оған енді психологиялық көмек те қажет.
Жанна Біләлова, Павлодар облыстық ПД баспасөз хатшысы:
-Жол апатынан әйелі қайтыс болды. Ал ері түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сараптама жүргізушінің ішімдік ішпегенін көрсетті. Жол-көлік оқиғасының себебі тексеріліп жатыр. Көлік айып тұрағына қойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!